“Алтын Сұңқар - 2025”

Қарағанды облысы Әкімінің сыйлығы

Өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін қалды
Күн
Сағат
Минут
Секунд
10.06.2025 дейін қоса өтінімдерді беруге үлгеріңіз!

Сыйлық туралы

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы «Алтын сұңқар» сыйлығын табыс ету байқауы өткізіледі.

Байқауға қатысуға Қарағанды облысының бұқаралық ақпарат құралдарында және Қарағанды облысында жұмыс істейтін қызметкерлер шақырылады.

Сыйлық Қарағанды облысының журналистік қоғамдастығының дауыс беру нәтижелері бойынша конкурстық негізде арнайыhttps://altynsunkar.akimat09.kz/#nominations интернет-парақшада тағайындалады.

Сыйлыққа үміткерлерді ұсынуды газет-журнал редакциялары, телеарналар, радиостанциялар, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, сондай-ақ журналистер мен БАҚ қызметкерлері өздерін дербесұсынады.

Байқауға қатысу үшін қатысушы http://altynsunkar.akimat09.kz/#nominations-ғы сауалнаманы толтырып, Word-құжатында фотосуретін, өмірбаянын және ақпараттық материалдарын (өздерінің жарияланған журналистік еңбектерініңсілтемелері) тіркеуі қажет. Үлгі

Бір автор екі номинацияға ғана қатыса алады.

Әр түрлі жанрдағы материалдар (очерк, сұхбат, мақалалар, теле- және радио хабарлары, әлеуметтік тергеулер және басқалар), сондай-ақ жарияланымдар мен хабарлар циклдары қабылданады.

Байқауға өтінімдер 2025 жылғы 3 - 10 маусым аралығында http://altynsunkar.akimat09.kz/#nominations интернет-парақшасындақабылданады.

БАҚ қызметкерлеріне арналған Қарағанды облысы әкімі сыйлығының лауреаттарын іріктеу жөніндегі ережеге сәйкес сыйлықты алғаннан кейін жеті жыл ішінде сыйлыққа қайта ұсынуға жол берілмейді.

Номинациялар тізімі
  • «Мамандыққа адалдығы үшін»
    Кәсіптік қызмет өтілі 20 жылдан артық, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы марапаттарының, құрмет грамоталарының, озаттық белгілерінің, Қарағанды облысының қоғамдық ұйымдарының, кәсіподақтарының, діни бірлестіктерінің, мекемелері мен ведомствалардың ұсыным-мінездемесінің болуы.
  • «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін»
    Жоғары адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу, аға ұрпаққа құрмет көрсетуді насихаттағаны және тәрбиелегені, соғыс және еңбек ардагерлерінің ерліктерін дәріптегені, қоғамдық тәртіп пен жұмысшы кәсіптерін насихаттағаны, мәдениет және өзін-өзі ұстау нормаларын сақтауды, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуды, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды насихаттағаны үшін.
  • «Объектив шебері»
    Бұл номинацияда жеңімпазды анықтау өлшемі материалдың көркемдік құндылығы, бейненің статикалық еместігі және динамикасы, фото/бейнесуреттің берілген ақпаратқа сәйкестігі болып табылады.
  • «Ауыл тақырыбын үздік жариялау»
    Селолық аудандарды, Қарағанды облысының және жалпы Қазақстан экономикасының агроөнеркәсіптік секторын насихаттауға және дамытуға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сапалық, әрі сандық жағынан жариялау.
  • «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялау»
    Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы тақырыптарды сапалық және сандық жағынан жариялау, сондай-ақ материал беру мен кәсібиліктің бірегейлігі.
  • «Өндіріс тақырыбын үздік жариялау»
    Кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, индустриалды-инновациялық саясат, кластерлік бастама тақырыптарын сандық және сапалық жағынан жариялау.
  • «Алғашқы табыстары үшін»
    Ұсыным-мінездеме түрінде ресімделген әріптестерінің, шығармашылық одақтардың, қоғамдық бірлестіктердің құрметіне бөленген жас журналистің өзі көтерген мәселелерді жариялаудағы біліктілігі, кәсібилігі.
  • «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы»
    БАҚ-ты және/немесе жеке жоба, материалдар сериясын ұйымдастырудағы үздік идея, бағдарлама, шығармашылық тәсіл үшін берілетін номинация.
  • «Мәнер мен атқарымдылық үшін»
    Техникалық және шығармашылық қызметкерлерге, жоғары кәсібилікке ие дыбыс режиссерлеріне, режиссерлерге, корректорларға, беттеушілерге, инженерлерге, дизайнерлерге, бейнеинженерлерге арналған номинация.
  • «Әлеуметтік желілердегі өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін»
    Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын жүйелі, сапалы көрсеткені үшін және облыстың әлеуметтік өмірін әлеуметтік желілерде жариялағаны үшін БАҚ өкіліне беріледі.
  • «Мамандыққа адалдығы үшін»
    Кәсіптік қызмет өтілі 20 жылдан артық, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы марапаттарының, құрмет грамоталарының, озаттық белгілерінің, Қарағанды облысының қоғамдық ұйымдарының, кәсіподақтарының, діни бірлестіктерінің, мекемелері мен ведомствалардың ұсыным-мінездемесінің болуы.
  • «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін»
    Жоғары адамгершілік құндылықтарды, аға ұрпақты сыйлауды насихаттағаны және тәрбиелегені, соғыс және еңбек ардагерлерінің ерліктерін дәріптегені, қоғамдық тәртіпті, мәдениет және өзін-өзі ұстау нормаларын сақтауды, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуды, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды насихаттағаны үшін.
  • «Объектив шебері»
    Бұл номинацияда жеңімпазды анықтау өлшемі материалдың көркемдік құндылығы, бейненің статикалық еместігі және динамикасы, фото/бейнесуреттің берілген ақпаратқа сәйкестігі болып табылады.
  • «Ауыл тақырыбын үздік жариялау»
    Селолық аудандарды, Қарағанды облысының және жалпы Қазақстан экономикасының агроөнеркәсіптік секторын насихаттауға және дамытуға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сапалық, әрі сандық жағынан жариялау.
  • «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялау»
    Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы тақырыптарды сапалық және сандық жағынан жариялау, сондай-ақ материал беру мен кәсібиліктің бірегейлігі.
  • «Өндіріс тақырыбын үздік жариялау»
    Кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, индустриалды-инновациялық саясат, кластерлік бастама тақырыптарын сандық және сапалық жағынан жариялау.
  • «Алғашқы табыстары үшін»
    Ұсыным-мінездеме түрінде ресімделген әріптестерінің, шығармашылық одақтардың, қоғамдық бірлестіктердің құрметіне бөленген жас журналистің өзі көтерген мәселелерді жариялаудағы біліктілігі, кәсібилігі.
  • «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы»
    БАҚ-ты және/немесе жеке жоба, материалдар сериясын ұйымдастырудағы үздік идея, бағдарлама, шығармашылық тәсіл үшін берілетін номинация.
  • «Мәнер мен атқарымдылық үшін»
    Техникалық және шығармашылық қызметкерлерге, жоғары кәсібилікке ие дыбыс режиссерлеріне, режиссерлерге, корректорларға, беттеушілерге, инженерлерге, дизайнерлерге, бейнеинженерлерге арналған номинация.
  • «Әлеуметтік желілердегі өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін»
    Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын жүйелі, сапалы көрсеткені үшін және облыстың әлеуметтік өмірін әлеуметтік желілерде жариялағаны үшін БАҚ өкіліне, блогерге беріледі.